Алтынға деген сұраныс рекордттық көрсеткішке жетті

Жарияланды
Әлемдік геосаяси жағдай алтын құймалардың сатылымын арттырды

Дүниежүзілік  алтын кеңесі (WGC) 2022 жылы соңғы он жылдықтарда алтынға деген сұраныстың шамадан тыс артқанын мәлімдеді.  Бұл туралы gold.org сайты арнайы сараптама жазды.

Алтынға деген жылдық сұраныс 4,7 мың тоннаға дейін жетіп, ол 18%  пайызды құрады. 2011 жылдың деңгейімен есептесек, бұл инвестициялық сұраныстың жоғары болуымен ерекшеленді. Әсіресе,  2022 жылдың соңғы айларында алтынға деген сұраныстың жоғарылағаны сонша, оның көлемі   1,3 мың тоннаны құрады.   Бұл бүкіл жылдық  жиынтығының рекордттық көрсеткіші болды.

Дегенмен, 2022 жылы алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға деген сұраныс  3% -ға төмендеп, ол 2,1 тоннаны құраған еді. Алайда, құймаларға деген сұраныстың артуына  Орталық  банктер өз үлестерін қосты. Орталық банктердің жылдық сатып алу көлемі 1,1 мың тоннаны құрап, 55 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Бірақ бір айта кетерлігі, Орталық банктің бұл сатып алуларының көпшілігі  ешқай жерде жарияланбаған.

Орталық банктердің алтынға деген сұранысының арту динамикасы әлемдегі геосаяси жағдайларға әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе АҚШ-тың Ресей  алтын қорының бір бөлгіне қойған шектеуі  доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Бұл өзгеріс Еуропа мен АҚШ-ты да жоғары инфляциядан қорғай алмады.

2022 жылдың көрсеткіші бойынша, алтынның бағасы 1 унциясы үшін-1800 долларды құрады. WGC –тің мәліметінше, әлемде алтынның бағасының  орынсыз көтерілмеуі  құймаға деген сұраныстың  жоғарылауына сеп болып, оны жеткізу ұсынысы  2%-ға , яғни  4,8 мың тоннаға дейін артты.

WGC  2023 жылы алтынға деген сұраныс жеке тұлғалар  мен Орталық банктер тарапынан төмендейді деп болжағанымен, инвесторлар әлемдегі тұрақсыздықтан жиған-тергендерін қорғау үшін бәрібір алтынға жүгінетіндігін айтады.  

Сондай-ақ оқыңыз