Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосты

Жарияланды
Антикор кәсіпкерлердің проблемасын шешумен айналыспақ

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады.

Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеп жатыр.

Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламаларды қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыз