Қазақстанда салынатын АЭС-на реакторлық технология биыл таңдалады

Жарияланды
2022 жылы жеткізу елдер технологиясының қысқа тізімі жасалды.

Энергетика министрлігінде өткен алқа мәжілісінде ведомства басшысы Болат Ақшолақов атом электр станциясын салу мәселелерін қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, елімізде АЭС салуға барлық объективті алғышарттар – уран мен оны қайта өңдеу өнімдерінің қорлары, сондай-ақ ғылыми база бар.

Министрдің сөзінше, 2022 жылы Қытай (CNNC), Ресей (Росатом), Корея (KHNP), Франция (EDF) сияқты елдерден жеткізушілердің тексерілген реакторлық технологияларының «қысқа тізімі» жасалды.

«Биыл реакторлық технологияны таңдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Атом электр станциясын орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы атом электр станциясын орналастыру ауданын таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылатын болады», деді Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ оқыңыз