АҚШ-та «Әліппе» инновациялық нұсқаулығы шығарылды

Жарияланды

Америкада тұратын қазақстандық кәсіпкер Құрмет Әубәкіров қазақ тілін насихаттау мақсатында осы жобаны қолға алған. Бұл инновациялық нұсқаулық қызықты әрі оқып, қабылдауға жеңіл етіп құрастырылған.

Туған елінен шетте тұратын азаматтарға балаларының ана тілін ұмытпауы маңызды. Әрине, олардың басым көпшілігі үйде ана тілінде сөйлейді, бірақ бұл жеткіліксіз. Сонымен қатар, ата-аналардың баласына тілдік нормаларын үйретуіне уақыты пен мүмкіндігі жоқ. Ал, балалар мен ересектерге арналған «Әліппенің» көмегімен оқырман қазақ тілін меңгеріп қана қоймай, қазақ мәдениетіне, тарихына, дәстүріне деген қызығушылығы артады.

Ал, Қазақстанға баратын шетелдіктерге кітап тілдің негіздерін үйретіп қана қоймай, мұнда келгенде өзін барынша жайлы сезінуіне көмектеседі. Сонымен қатар, Құрмет Әбәкіров негізін қалаған IBC group алдағы уақытта басқа да оқулықтар шығаруды жоспарлап отыр. Кіріспе, бастауыш, орташадан төмен, орта және орташадан жоғары деңгейлердегі оқу құралдарының нобайы әзір. Сонымен қатар, IELTS және TOEFL-ге ұқсас тестілеу бағдарламаларын әзірлеп, енгізу де қолға алынады.

Құрмет Әубәкіров АҚШ-та кәсібін дөңгелетіп отыр. Әу баста бөлшек саудамен айналысудан бастап, біртіндеп криптовалюта сияқты озық секторларға көшкен. Қазір, «Кәсіпкерлер инкубаторы» жобасын қолға алған.

Bloomberg басылымы Құрмет Әубәкіровтың осы жобасы туралы былай деп жазды:

«Кәсіпкерлер инкубаторы» жобасы посткеңестік елдерден келген кәсіп бастағысы келетін азаматтарға жасалған үлкен мүмкіндік, қолдау әрі мотивация. Бұл жобада тәлім алған кәсіпкерлер АҚШ-та кәсібін дөңгелетуге бар мүмкіндікке ие болады».

Осылайша, оның жобасына әлемдік іскерлік орта қызығушылықпен қарап, үлгі ретінде ұсынып отыр.

Дайындаған: Баян Бақкелді

Сондай-ақ оқыңыз