Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді

Жарияланды
Үкіметтің қаулысымен 2030 жылға дейінгі тұжырымдама бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындауға байланысты Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Бұл туралы ҚР ИИМД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған құжат көлік саласының барлық бағытын қамтып, оның ішінде теміржол, автомобиль, су, әуе көлігі, сондай-ақ логистика саласының дамыту мәселелерін көздейді.

Осы арқылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұжырымдамада қарастырылған міндеттерді уақтылы іске асыру жөнінде шараларды қабылдайды. Бұл қолға алынған амал осы бағытта қолжетімді, қауіпсіз және инклюзивті ұтқырлықты қамтамасыз етіп, сонымен қатар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтумен бірге транзиттік хабқа айналуға септігін тигізеді деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз