Қарағандыдағы әуежайға айыппұл салынды

Жарияланды
Айыппұл көлемі үшін 81 млн теңге құрады

Қарағандыдағы әуежайға авиаотынды қымбаттатып сатқаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы astanatv.kz сайты хабарлады.

Shutterstock

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысы департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша іс қозғаған. Қарағанды Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 миллион теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленді. 31 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Сондай-ақ оқыңыз