Қазақстанға рекордтық көлемде қаржы аударылды

Жарияланды
Фото: kursiv.kz

Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2022 жылы Қазақстанға ақша аудару жүйесі арқылы жіберілген қаражат көлемі 678,5 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп. Сонымен қатар, кейінгі бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Бірінші несие бюросы.

2022 жылы сәуірден желтоқсанға дейін, 9 ай бойы ең жоғары көрсеткіш тіркелген. Бұл ретте ең жоғары көрсеткіш маусым (91,9 млрд теңге) мен шілде айында (88,2 млрд теңге) байқалған. Салыстырар болсақ. 2018 жылдың шілдесінде орнатылған рекорд 39 млрд болған.

Аударымдағы негізгі өсімді Ресей Федерациясы қамтамасыз еткен. Бұл елден жалпы сомасы 357,1 млрд теңге жөнелтілген: 2021 жылмен салыстырғанда 6,7 есе (!) артық. Осылайша, солтүстіктегі көршіміздің жалпы аударым көлеміндегі үлесі шамамен үш есе – 18,7%-дан 52,6%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар, Қырғызстан да айтарлықтай оң динамика көрсеткен. Бірнеше жыл бір деңгейін сақтаған көрсеткіші бірден 2,8 есе өсіп, 94,5 млрд теңгеге жетті. Үлкен аударымдар әсіресе шілде (15,3 млрд. теңге) және тамыз (17,7 млрд. теңге) айында жасалған.

Сондай-ақ оқыңыз