Мемлекеттік аудит Атырауда 175,6 млрд теңгелік заң бұзушылықтарды анықтады

Жарияланды 25 Маусым 2026 20:46

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Ұлытау облысы, Аудит
Мемлекеттік аудит Атырауда 175,6 млрд теңгелік заң бұзушылықтарды анықтады / Фото: shutterstock

Атырау облысында бес ай бойы жүргізілген аудит бюджет қаражатын пайдалану және мемлекеттік сатып алу саласында 175,6 миллиард теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтардың бар екенін көрсетті.

Өңірдегі ішкі мемлекеттік аудит департаменті хабарлағандай, қаржылық заң бұзушылықтардың көлемі 82 миллиард теңгеден асты. Рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтардың сомасы 93 миллиард 574 миллион теңгеге жетті.

Бұған қоса, мемлекеттік сатып алу саласында камералдық бақылау жүргізіліп, 9 316 рәсім қамтылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 22 миллиард 571 миллион теңгені құрайтын 1 092 мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзушылықтар анықталды.

Аталған фактілер бойынша жауапты тараптарға 1 092 нұсқама жіберіліп, барлық нұсқамалар толық көлемде орындалды.

Есепті кезеңде департамент тарапынан 327 лауазымды және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Жалпы сомасы 25,8 миллион теңге айыппұл салынып, оның 23,8 миллион теңгесі мемлекеттік бюджетке өндірілді.

Бұған дейін палата Ұлттық қордан ел экономикасын дамытуға бөлінген миллиардтаған қаржы тиімсіз жұмсалғанын мәлімдеген

Сондай-ақ оқыңыз