OneWeb Қазақстан пойыздарын жылдам интернетпен қамтамасыз етпек

Жарияланды

ҚТЖ мен британдық OneWeb компаниясы Қазақстанның темір жолдарындағы интернет байланысын жақсартуға бағытталған келісімге келді. Баспасөз қыметінің хабарлауынша, қос тарап меморандумға Digital Almaty 2023 халықаралық цифрлық форумы аясында қол қойған.

Ынтымақтастық аясында Қазақстан темір жолында OneWeb спутниктік терминалдарын сынақтан өткізуді бастау жоспарланған.

ҚТЖ Басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары А.Ахметжановтың айтуынша, төмен орбиталық спутниктік топтан сигнал алу байланыс тұрақтылығын және оны станцияларда резервтік арна ретінде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

» Бұл шалғайдағы нысандар мен пойыздарды байланыс және интернетпен жабдықтайды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз