4 пайыздық автонесиеге ай сайын өтініш беруге болады

Жарияланды (жаңартылды )

Жеңілдетілген автонесие алуға ай сайын өтініш беруге болады. Келесі өтінімдер autonesie.kz сайтында  наурыз айында қабылданады, деп хабарлайды Өнеркәсіпті дамыту қоры.

Бүгін автонесиеге өтінім ашылған алғашқы 18 секунд ішінде 761 өтініш келіп түсіп, бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 болған.

Өтінішім қабылдауға лимит біткен кезде, платформа артық өтініш қабылдамаған. Қордың мәліметінше, лимитке жеткеннен кейін өтінім қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы істен шыққан.

«Өтінім беру барысында  кейбір пайдаланушылар көлік өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты», делінген хабарламада.

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауға арнайы платформа іске қосылған.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2022 жылдың мамыр айында басталды. Оны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Еуразиялық Банк» АҚ) 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 12,6 мыңнан астам автомобиль сатып алынды. Автокредиттің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыз