Елімізге келетін туристерден 5% алым алына бастады

Жарияланды
Мәдениет және спорт министрлігі болса, туристік алым саланың ары қарай жылдам дамуы үшін аса қажет деп отыр

Енді өзге елдің азаматы қонақ үйде тұратын әр күні үшін тиісті мөлшерде қосымша ақша төлейді. Мәдениет және спорт министрлігіндегілердің пайымынша бұл жаңашылдық туризм саласына аса қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға септігін тигізеді. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Фото:terra-z.com

Қазақстанда туристер үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту маңызды. Ол үшін әрине қыруар қаражат керек. Бұны мәдениет және спорт министрлігі туристік алымдарды енгізу арқылы шешпек ойда. Себебі, елге ағылған шетелдік меймандардың саны жыл сайын арта түсуде.

Ал мәдениет және спорт министрлігі болса, туристік алым саланың ары қарай жылдам дамуы үшін аса қажет деп отыр. Тиісті инфрақұрылым салу үшін қосымша қаржы қажет. Сондықтан жыл сайын кейінге шегере бермей, нақты іске кірісу керек деп отыр.

Министрліктің айтуынша, алдағы уақытта елге келетін шетелдік туристердің санын 4 млн-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.



Сондай-ақ оқыңыз