Қазақстанда полицейлер оларға пара беру әрекеті туралы хабарлауы үш есе өсті

Жарияланды

2023 жылдың қаңтарында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан полициясы қызметкерлері оларға пара беру әрекеті туралы 3 есе көп айтқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Фото:kursiv.media

11 қаңтарда ІІМ алқа отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ішкі істер органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасының іске қосылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері, сондай-ақ олардың қызметтік автокөліктері мен үй-жайлары ақпаратты автоматты түрде жедел басқару орталықтарына жіберетін заманауи фиксаторлармен жабдықталған.

Жоба іске қосылған қысқа мерзімге қарамастан тексеру нәтижелері өз тиімділігін көрсетті. Өтініштерге жедел қызмет көрсетіле бастады, қызметкерлер өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, дұрыс және сыпайы жауап беруге ұмтылуда. Бұл қызмет көрсету моделінің принциптеріне сәйкес келеді.

Сондай-ақ оқыңыз