Үндістанда бүкіл қала жер астына кете бастады

Жарияланды (жаңартылды )
Жүздеген адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Үндістанның Джошиматх қаласы кенеттен жер астына кете бастады, онда орналасқан ғимараттар жарылып жатыр. Бұл турады iz.ru хабарлады.

Фото: REUTERS/Anushree Fadnavis

Қаланың шөгуі 2022 жылдың көктемінде басталды.

2022 жылдың сәуір айынан бастап қала 14 сантиметрге төмендеді.

Небәрі 12 күнде – 27 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін – Джошиматх қаласы 5,4 сантиметрге төмендеп кетті.

800 үйдің қабырғасы жарылып жатыр. Кейбір үйлер қазірдің өзінде толығымен қираған.

Джошиматх – әйгілі діни орталық. Елдегі қажылар қала арқылы қасиетті ғибадатхана Бадринат қаласына да барады.

Жүздеген адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ оқыңыз