Үндістанның Джошиматх қаласы кенеттен жер астына кете бастады, онда орналасқан ғимараттар жарылып жатыр. Бұл турады iz.ru хабарлады.

Қаланың шөгуі 2022 жылдың көктемінде басталды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қала 14 сантиметрге төмендеді.
Небәрі 12 күнде – 27 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін – Джошиматх қаласы 5,4 сантиметрге төмендеп кетті.
800 үйдің қабырғасы жарылып жатыр. Кейбір үйлер қазірдің өзінде толығымен қираған.
Джошиматх – әйгілі діни орталық. Елдегі қажылар қала арқылы қасиетті ғибадатхана Бадринат қаласына да барады.
Жүздеген адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.