4 пайыздық автонесиеге өтінім бергендердің тізімі жариялануы мүмкін

Жарияланды
Глава МИИР не исключил раскрытия имен участников программы автокредитования
Автонесие бойынша өтінім бергендердің тізімі жариялануы мүмкін. Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

4 пайыздық автонесиеге өтінім беру ашылған алғашқы 18 секундта өтінім беріп үлгергендердің тізімі жариялануы мүмкін. Мұндай мүмкіндік «Өнеркәсіпті дамыту қоры» да жоққа шығармайды.

Үкімет кулуарында журналистер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтан жеңілдетілген автокредит алғандардың аты-жөні жариялана ма деп сұрады.

Министр сұрақты «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаровқа бағыттады.

«Бағдарлама қатысушылары жеке деректерін жариялауға келісім беруі үшін келіссөз жүргізе аласыз ба?»- деді ҚР ИИДМ басшысы Гаппаровқа.

Гаппаров бұл мәселе пысықталып, бағдарламаға қатысушылармен келіссөз жүргізілетінін айтты.

Сондай-ақ, министр бағдарламаны жақсартуға бағытталған бүкіл ұсынысты қарауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл оның ашықтығын арттырады және адам факторын жояды.

Айта кетейік, 6 ақпан күні сағат 10:00-де 4 пайыздық жеңілдетілген несиеге autonesie.kz сайтында өтінім қабылданған болатын.

Жеңілдетілген автонесие алуға ай сайын өтініш беруге болады. Келесі өтінімдер autonesie.kz сайтында наурыз айында қабылданады.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінім берген азаматтар 60 күн ішінде несие мен автокөлік алу жұмыстарын аяқтауға тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз