Димаш Құдайберген Түркиядағы зардап шеккендерге қаржы аударады

Жарияланды

Димаш Құдайберген «Stranger» әлемнің турнесінен түскен қаражаттың бір бөлігін Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге аударады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Фото:inbusiness.kz

«Қазақ халқына бауырлас, ағайын ел болып саналатын Түркиядағы, Сириядағы және басқа да елдерде табиғаттың залалынан көптеген адамның қаза тапқанын естідік. Әрине, зор күйзеліспен қабылдап отырмыз. Барлық дүние салған адамдардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ауыр халде күй кешіп жатқан бауырларымызға тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді қазақстандық әнші өзінің Instagram парақшасында.

Осы тұста әнші әлем бойынша ұйымдастырлып жатқан жеке кештерінен түскен қаражаттың бір бөлігін зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде аударатынын айтты.

«Әр отбасыға аманшылық тілеймін. Аспанымыз ашық, әлем атты ортақ үйіміз апат пен зілзаладан аман болсын. Елімізде, әлемде тыныштық болсын! Барша әлем халқы бақытты болсын!», – дейді Димаш Құдайберген.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық құтқаршылар Түрік еліне көмектесуге аттанған еді

Бүгін де Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 5 мыңға жуықтап қалды

Сондай-ақ оқыңыз