Иранда бейнекамералар әйелдердің хиджаб киюін бақылап отырады

Жарияланды

Иран билігі әйелдердің қоғамдық орындарда хиджаб киюін бақылауға алмақ, деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.

Фото:bugin.kz

Бұл талаптың орындалуы бейнекамералардың көмегімен бақыланатын болады. Біріншіден, әйелдерге мәтіндік хабарламалар арқылы құқық бұзушылық туралы ескертіледі, ал екінші рет айыппұл салынады.

Қазір Иранның мегаполисіндегі көптеген әйелдер ережеге қарамастан орамал тақпайды. Бұл реакция 22 жастағы Махса Аминидің өліміне қатысты наразылық толқынынан кейін болды. Ол хиджабты дұрыс емес киген деген айыппен қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз