Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын соғысуға әрқашан дайын болуға пәрмен берді

Жарияланды
Фото; ғаламтордан алынды

Ол Жұмысшылар партиясының Орталық әскери комиссиясының отырысын өткізіп, онда әскери оқу жаттығуларын күшейтуді тапсырған. Бұл туралы жергілікті мемлекеттік телеарнаға сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Ертең елде Қарулы күштердің құрылғанына 75 жыл толуына орай әскери шеру өткізу жоспарланған. Онда ресми Пхеньян өзінің ядролық қаруы мен баллистикалық зымырандарын көрсетеді- деген болжам бар.

Сондай-ақ оқыңыз