Алматыда құны 100 млн доллар тұратын логистикалық орталық салынады

Жарияланды

Қала әкімі Ерболат Досаев пен Wildberries негізін қалаушы Татьяна Бакальчук кездесіп, логистикалық орталықтың құрылысын талқылады- деп, хабарлайды Алматы әкімдігінің телеграм арнасы

Фото; Алматы әкімдігі сайтынан алынды

Оның құрылысына халықаралық маркетплейс шамамен 100 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. «Алматы бүгінде Орталық Азия өңірінде көптеген халықаралық ұйым үшін хаб болып табылады. Сол себепті бұл жергілікті және шетелдік инвестор үшін де бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға қосымша мүмкіндік», – деп атап өтті әкім Ерболат Досаев. Жоба аясында мегаполис кәсіпкерлеріне интернет арқылы сату нарығында бизнесін кеңейтуге жәрдемдесу күтіледі. Татьяна Бакальчук атап өткендей, логистикалық орталықтың құрылысы қазақстандық өндірушілер үшін Wildberries-пен айналысатын барлық өңірдегі нарыққа автоматты түрде жол ашады. Алаңда қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылған және жақын арада ассортимент көбейеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз