Боливияда тасқыннан 2 адам көз жұмып, 5 мың тұрғын эвакуацияланды

Жарияланды

Боливияның шығысында толассыз жаңбыр соңы тасқынға ұласып, 5 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Фото: Хабар 24

Табиғат апатынан 2 адам опат болды. Тасқыннан Санта-Крус аймағында 13 қала зардап шегіп, оның алтауында төтенше жағдай жарияланды. 5 көпірді су шайып, 30 мың гектар егістік алқап жарамсыз болып қалған. Қазір апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз