Жаңалықтар

Reuters агенттігі ресейлік мұнайға салынған эмбаргоның негізгі пайдақорларын атады

Фото; Kursiv.media

Еуропалық Одақ пен G7 елдеріне жанармай экспортына тыйым салу, сондай-ақ барреліне 60 доллардан аспайтын баға шектеуі аясында ресейлік мұнаймен операциялардан ондаған миллиардтаған қосымша долларды Ресей Федерациясынан тыс тасымалдаушылар мен мұнай өңдеушілер алады- деп,  хабарлайды Курсив медиа порталы Reutersке сілтеме жасап.

Агенттіктің сауда және банк көздерінің хабарлауынша, санкциялардан пайда көрген жүк тасымалы мен мұнай өңдеушілердің көпшілігі Қытайда, Үндістанда, Грекияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан. Дегенмен, бұл компаниялардың кейбірі жартылай ресейлік меншік иелеріне тиесілі.

Трейдерлер мен банкирлердің пікірінше, бұл операциялар Батыстың Ресей Федерациясына қарсы санкцияларын бұзбайды, керісінше олардан ақша табуға мүмкіндік береді. Украинадағы соғыс басталғаннан бері мұнайдың құны айтарлықтай өзгерді. Өткен жылдың 24 ақпанына дейін ол Brent маркалы мұнай барреліне 65-85 доллар деңгейінде саудаланып, наурыз айында барреліне максимум 137 долларға жетті, содан кейін ол арзандай бастады. Желтоқсанның 5-інде ЕО, G7 және Австралия ресейлік теңіз мұнайының бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде, ал Brent барреліне 80 доллардан асты. Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі қаңтарда 2022 жылдың бірінші айымен салыстырғанда мұнай экспортынан түскен кірістің 40%-ға төмендегенін хабарлады.

«Кедендік статистикаға сәйкес, Үндістан мен Қытайдағы мұнай өңдеу зауыттары кейбір жеңілдіктерге ие болды, бірақ мұнай жөнелтушілер, делдалдар және ресейлік мұнай компаниялары негізгі бенефициарлар болуы керек», – деді Ресейден кеткен «Газпром Нефть» стратегиясының бұрынғы басшысы Сергей Вакуленко.

Санкциялар аясында Ресей шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің басым бөлігін Азияға аударып, Қытай мен Үндістандағы сатып алушыларға үлкен жеңілдіктер ұсынды. Ресей Федерациясы да мұнайды тасымалдауға ақы төлеуге мәжбүр болды, өйткені оның барлық экспортын теңіз арқылы тасымалдауға танкерлер жеткіліксіз болды.