Түркияда 4 қазақстандық жоғалып кетті

Жарияланды
жер сілкінісі
Фото; Instagram/knowledgedays

Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи жер сілкінісі кезінде қанша қазақстандықтың із-түзсіз жоғалғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркия елшісінің айтуынша, қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың зардап шеккені белгілі.

«Қазір із-түзсіз жоғалған төрт қазақстандық туралы ақпарат бар. Олардың үшеуі Хатай қаласында, біреуі Адана қаласында жоғалып кетті», – деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы жер сілкінісінен кейін туыстарымен байланысқа шықпай жатқаны хабарланған болатын. Ол жер сілкінісі кезінде Хатай қаласында болған.

Сондай-ақ оқыңыз