Алматыдағы ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі

Жарияланды

Алматы әкімі Ерболат Досаев 9 ақпанда Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде 2023 жылдың екінші жартыжылдығында қалада жаңа сейсмикалық аудит жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz .

Фото; ғаламтордан

Әкіммен кездесуде аудан тұрғындарының бірі қаланың бас жоспарында Бұқар жырау даңғылының бойындағы ғимараттардың сейсмикалық көрсеткіштері неге ескерілмегенін сұрады.

Әкім 2021 жылы сейсмикалық микроаудандастырудың жаңа картасы бекітілгенін айтты. Онда барлық кемшіліктер ескерілді.

«Қаладағы біздің басымдылығымыз – қажетті ғимараттарды сейсмикалық күшейту. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасады. Бұл шешімдер қазір емес, ондаған жылдар бұрын қабылданған»-деді қала басшысы.

Досаевтың айтуынша, 2017-2018 жылдары ҚазҚСҒЗИ сейсмикалық аудит жүргізген.

Сондай-ақ оқыңыз