Еңбек дауларын шешу мақсатында 337 жұмысшының жалақы берешегі өтелді

Жарияланды

Былтыр еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету бағыттында 12 мекемеге «Сенім» сертификаты беріліп, 122 ұйымдар мен кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңестер құрылған.

Фото:shutterstock

«Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқарма «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақтар орталығымен бірлесіп жасақтаған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәсіптік аурулардың профилактикасы» жоспары  негізінде бірлесе жұмыстар жүргізіп, зиянды жұмыс орындарын төмендету үшін еңбек жағдайлары бойынша 245  өндірістік нысан аттестатталды. Облыс аумағында 30 кәсіпорынмен «Нөлдік жарақат Vizion Zero» меморандумы жасалып, «Халықты бақылау жобасымен» 6 ірі кәсіпорын жұмыс жасап жатыр»- деді И.Әубәкіров.

Комиссия отырысында қаралған еңбек дауларын шешу мақсатында қабылданған тиісті шаралардың нәтижесінде 23 еңбек мәселесі, оның ішінде облыстың 14 кәсіпорнында еңбекақы көтеру, сондай-ақ, 26 кәсіпорыннан 337 жұмысшының 59,4 млн теңге жалақы берешектерін төлету мәселесі шешімін тапқан. 

Оған қоса И.Әубәкіров өткен жылы азаматтардың өтініштері және облыс прокуратурасымен бірлесіп, шетелдік жұмыс күшін тартатын 61 кәсіпорында жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін жеткізді. Нәтижесінде 23 қазақстандық жұмысшының еңбекақысын кемсіту, 33 шетелдік жұмысшы берілген рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымда қызмет атқару, 59 шетел азаматының білімі атқарып отырған лауазымына сәйкес келмеуі анықталған. Сонымен қатар, 72 қазақстандық және шетелдік жұмыс күші санының арақатынасын, 33 еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін, 14 халықты жұмыспен қамту заңнамасын сақтамау деректері анықталып, қажетті шаралар қолданылған. 

Сондай-ақ, былтыр облыс бойынша еңбек жанжалдары орын алуы ықтимал  25  кәсіпорында тиісті шаралар қолданылып, нәтижесінде 18 еңбек ұжымындағы еңбек даулары жұмысшылардың пайдасына шешілген. Қалған 7 кәсіпорын бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Еңбек жанжалдарын болдырмау, оның ішінде жалақыны көтеру, мерзімінен кешіктермеу, міндетті әлеуметтік аударымдарды төлеу, өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселелері 12 мәрте өңірлік үш жақты комиссия отырысында қаралып, 90 кәсіпорын басшылары тыңдалған.

Сондай-ақ оқыңыз