Былтыр 17,7 мың отбасы ажырасып кеткен

Жарияланды
Ажырасқан отбасы қатары азайып келеді. Фото: www.shutterstock.com

2022 жылы 128,5 мың неке тіркелген. 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда неке саны 8,4%-ға аз. Сондай-ақ былтыр 17,7 мың отбасы ажырасып кеткен, бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейден 8,1%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,89 құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2022 жылы Қазақстанда 403,5 мың сәби дүниеге келген. Соның ның ішінде 208 мыңы – ұл бала болса, 195,5 мыңы – қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға 20,28 құраған.

Аталған кезеңде 134,7 мың адам қайтыс болған. 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 6,77. Осылайша елімізде халықтың табиғи өсімі 2022 жылы 268,8 мың адамды құраған (2020ж. – 263 мың, 2021 ж. – 267 мың).

Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан облыстары (1000 тұрғынға 27,23 адам) мен Шымкент қаласына (1000 тұрғынға 26,34 адам) тиесілі.

Ал өлім-жітім Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 11,84), Шығыс Қазақстан (1000 тұрғынға 11,71) және Қостанай облыстарына жоғары болып тұр.

Бұған дейі Қазақстан халқының саны 19 765 004 адамға жеткені хабарланған еді, соның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 6,1%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (35 302 адам), Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қалаларында және Алматы обласында (898 адам) халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

2022 жылғы қантар-желтоқсанда елге 17 293 адам келсе,   24 239 адам көшіп кеткен. Көші-қон сальдосы –  -6 946 адам. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 57,5%-ға өсті, кеткендер саны 24,7%-ға азайды.

Елдегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% құрады.

Сондай-ақ оқыңыз