Жаңалықтар

2029 жылға қарай 2,3 млн жас жұмыспен қамтылмақ

2,3 млн жас жұмыспен қамтылмақ. Фото: tengrinews.kz

2029 жылға қарай ел билігі 2,3 млн жас жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Бүгін Үкімет жастар саясаты және білім беру саласын дамыту тұжырымдамаларының жобасын қарады. Жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы 6 бағыт пен 10 нысаналы индикаторды және 72 іс-шараны қамтиды.

Негізгі бағыттың бірі – жастармен жұмыс істеу және олардың проблемаларын шешу бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін Жастарды дамыту индексін енгізу.Сонымен қатар,  2029 жылға қарай 2,3 млн жасты жұмыспен қамту жоспарланған, оның 1 млн-ы – ауыл тұрғындары. Ауылдық жерлерде тұратын 1,5 млн жас қазақстандық цифрлық сауатын ашады. 

Үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептерді, оқушы орындарының тапшылығын жою арқылы жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Мәселені шешу үшін 1,5 млн жаңа оқушы орны ашылмақ.

Мектептер қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталад2026 жылға қарай ауыл, шағын қала және аудан орталықтарындағы 5 мың мектеп жаңғыртылады.

Бұған дейін жұмыссыз жүрген азаматтарға SMS-хабарлама жіберілетіні хабарланған еді. Хабарлама 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген 12 мың адамның жеке нөміріне жіберіледі.