Жаңалықтар

Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам қосылады

Алматы метросы жаңа вагондармен толығып жатыр. Фото: kursiv. media

Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам қосылады, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«13 ақпаннан бастап метро желісінде 10 құрам қызмет көрсетеді. Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады», делінген хабарлама.

2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа беріліп, жолаушылар ағыны екі шамамен есеге артып, 85 мыңға жеткен.

Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2020 жылы  «Bazis Construction» ЖШС-мен метро желісін салу жөнінде келісімге қол қойған. Компания 43 млрд теңгеге метроның «Достық» -«Қалқаман» бағытын салады. Құрылыс 2022 жылы бітуі тиіс еді.