Эгергетика министрлігі 229 млрд теңгеге салынуы тиіс Көкшетау ЖЭО жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға қайтадан тендер өткізетінін хабарлады. Бұған дейін жарияланған тендерге еш өтініш түспеген.
Сондықтан министрлік тендерді қайта өткізіп отыр.
«Осымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-6-бабының 3- тармағына сәйкес 2023 жылы Көкшетау ЖЭО жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер (бұдан әрі – тендер) өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырады», деліген хабарламада.
Өтінім қабылдау 13 ақпанда басталып, 15 наурыз 15:00-д аяқталады.
Бұған дейін ел Үкіметі Көкшетау қаласында қуаттылығы 240 МВт, ал жылу қуаты сағатына 520 Гкал болатын ЖЭО- салынатынын мәлімдеген болатын. Қаңтар айында жариялаған тердерге еш инвестор өтініш білдірмеген соң, тендерлік комиссия тендерді өтпеді деп тану туралы шешім қабылдаған.
Қазіргі кезде Қазақстандағы 37 жылу электр орталығының 19-ы апатты жағдайда тұр. Бүкіл ЖЭО жабдықтары 66 пайызға тозған. Оларды жөндеуге 182 млрд теңге қажет.