Қытай 2025 жылға қарай әлемдік люкс тауарлар нарығының төрттен бірін иеленеді – PwC

Жарияланды
Қытайдың люкс тауарлар нарығы 2025 жылға қарай 816 миллиард юаньға жетеді. Фото: shutterstock.com

Қытайдың люкс тауарлар нарығы 2025 жылға қарай 816 миллиард юаньға (шамамен 112 миллиард доллар) дейін жетіп, әлемдік нарықтың шамамен 25% құрайды, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі PwC Қытай есебіне сілтеме жасай отырып.

Азия-Тынық мұхиты аймағы жаһандық сәнді тауарлар нарығы үшін маңызды өсу драйвері болып отыр. Ал Қытай мұндай өнімдердің аймақтағы ең ірі тұтынушысы.

Қытайдың өзіндегі сауда-саттықтың басым бөлігі Хайнань аралындағы бажсыз аймаққа тиесілі. 2021 жылы аралдағы люкс тауарлар сатылымы 49,5 миллиард юаньды немесе елдегі бүкіл сауданың 13 пайызын құраған.

«Қытайдың люкс нарығы пандемиядан кейін тез қалпына келіп, үлкен күш, икем мен төзім танытып келеді», деді PwC-дің Қытайдағы серіктесі Стивен Чжун.

Сондай-ақ оқыңыз