WFP Түркия мен Сириядағы зардап шеккендерге 77 миллион доллар сұрап отыр

Жарияланды
Тркия мен Сирияға көмек көрсетуге 77 млн доллар сұрады. Фото: www.shutterstock.com

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) Түркия мен Сириядағы күшті жер сілкінісінен зардап шеккен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін БҰҰ қорынан 77 миллион доллар сұрады, деп хабарлайды WFP.

Қазіргі уақытта Сирияда 284 мың адам, Түркияда 590 мың адам тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Соңғы төрт күнде Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Түркия мен Сириядағы 115 мың адамға деп азық-түлік жеткізген.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісі 22 мыңнан астам адамның өмірін қиды.

Бұл апаттың зардабы 2011 жылы Жапонияда болған жер сілкінісінен де асып түсті. Ол кезде 20 мыңға жуық адам қайтыс болып, тағы 2,5 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалған.

Бұған дейін Дүниежүзілік банк Түркияның оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін 1,78 миллиард доллар бөлетінін жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз