13 ақпан күні қандай акция сатып алуға болады?

Жарияланды

13 ақпан – дивиденд алуға мүмкіндік беретін соңғы сауда күні. Осы орайда «Курсив» бүгін акцияларын сатып алсаң, дивиденд түсетін компаниялардың тізімін дайындады.

Дивиденд алуға болатын акциялар. Фото: shutterstock.com

13 ақпан – дивиденд алуға мүмкіндік беретін соңғы сауда күні. Осы орайда «Курсив» бүгін акцияларын сатып алсаң, дивиденд түсетін компаниялардың тізімін дайындады.

Дивиденд – компания табысының акционерлер арасында бөлінетін бір бөлігі. Сауда-саттық қорытындысы бойынша компания акционерлері тізіліміне өзгеріс күн сайын енгізіледі. Дивиденд төлеу күні бағалы қағаз иеленіп отырған инвесторларға дивидент алу құқығы беріледі.

Компания Биржа
(тикер)
Дивиденд
көлемі
Aflac
Бұл америкалық сақтандыру компаниясы және АҚШ-тағы ең ірі қосымша сақтандыру провайдері. Aflac сақтандыру полистерінің барлық түріп ұсынады, соның ішінде жазатайым оқиғаға душар болса немесе ауырып қаса ақшалай жәрдемақы төлейтін жалақыдан шегерілетін төлеммен танымал.
NYSE (AFL)1 жай акцияға – $0,42
AGCO Corporation
Америкалық ауылшаруашылық жабдықтарын өндіруші.
NYSE (AGCO) 1 жай акцияға – $0,24
ALLETE
Американың энергетика компаниясы. Көмір, су, табиғи газ, биомасса мен күн энергиясынан электр энергиясын өндіреді. Электр энергиясын жеткізу инфрақұрылымы және басқа да энергияға бағытталған қызметке инвестиция салады. 1906 жылы құрылған және штаб-пәтері Миннесота штатының Дулут қаласында орналасқан.
NYSE (ALE) 1 жай акцияға – $0,6775
Amgen
Америкалық трансұлттық биофармацевтика компаниясының штаб-пәтері Калифорния штатындағы Таусенд Окс қаласында орналасқан. Amgen – әлемдегі ең ірі тәуелсіз биотехнология компаниясының бірі. Онкологиялық химиотерапиядан өткен науқастарда инфекцияның алдын алу, ревматоидты артрит және басқа аутоиммунды ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек шығарады.
NASDAQ (AMGN) 1 жай акцияға – $2,13
CF Industries Holdings
Ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын өндіруші және таратушы компания
NYSE (CF) 1 жай акцияға- $0,4
Church & Dwight Co.
Бұл тұрмыстық тауарлар шығаратын ірі америкалық өндіруші. Компания көптеген өнімдерді шығарса да, ол ас содасы мен одан жасалған әртүрлі өнімдерді, соның ішінде кір жуғыш ұнтақты қамтитын Arm & Hammer желісімен танымал.
NYSE (CHD) 1 жай акцияға – $0,2725
Consolidated Edison
Америка Құрама Штаттарындағы ең ірі энергетикалық компаниялардың бірі.
NYSE (ED) 1 жай акцияға – $0,81
Eli Lilly and Company
Американың фармацевтика компаниясф. Ол 1876 жылы Индианаполис қаласында (Индиана штаты) құрылды, оның штаб-пәтері онда әлі де бар. Инсулиннің өнеркәсіптік өндірісін бастаған алғашқы компания ретінде белгілі (1923 ж.).
NYSE (LLY) 1 жай акцияға – $1,13
Enbridge
Трансұлттық құбыр компаниясы. Ол шикі мұнай мен табиғи газ тасымалдауға маманданған. Энбридждің кең ауқымды құбыр жүйесі Солтүстік Америкадағы ең ұзыны, Канада мен Америка Құрама Штаттарында 5000 километрден астам құбыр бар.
NYSE (ENB) 1 жай акцияға – 0,6546 CA$
Jabil
Цифрлық прототиптеу, басып шығаратын электроника, құрылғыларды біріктіру, схемаларды жобалау мен томографиялық тақта құрастыру қызметін ұсынатын америкалық өндіруші компания. 1966 жылы құрылған және штаб-пәтері Флорида штатының Сент-Питерсбер қаласында орналасқан.
NYSE (JBL) 1 жай акцияға – $0,08
Кroger
Бөлшек сауда саласындағы америкалық холдинг. Kroger, Ralphs, Dillons, Smith’s, King Soopers және City Market сынды әртүрлі форматтағы азық-түлік дүкендерінің иесі. FMCG сегменті тізбектерінен басқа, компания зергерлік бұйымдар мен дәрі-дәрмектер бөлшек саудасында дамып келеді.
NYSE (KR) 1 жай акцияға – $0,26
Marathon Oil Corporation
Көмірсутек барлаумен айналысатын америкалық компания.
NYSE (MRO) 1 жай акцияға- $0,1
Maximus
АҚШ, Австралия, Канада мен Ұлыбритания сияқты елдерде мемлекеттік қызмет көрсететін компания. Компания үкімет қаржыландыратын бағдарламаларды басқару және әкімшілендіру бойынша қызмет көрсету үшін мемлекеттік органдармен келісім-шарттар жасайды.
NYSE (MMS) 1 жай акцияға 1$0,28
Southwest Gas Holdings
Аризона, Невада және Калифорния штаттарындағы 2 миллионнан аса тұрғын үй, коммерциялық және өнеркәсіптік тұтынушыларға табиғи газ қызметін ұсынатын америкалық коммуналдық компания. 1931 жылы негізі қаланған және штаб-пәтері Невада штатындағы Лас-Вегаста орналасқан.
NYSE (SWX) 1 жай акцияға $0,62
Target
Target және SuperTarget брендтерімен жұмыс істейтін бөлшек сауда дүкендері желісін басқаратын америкаық компания. Бұл АҚШ-тағы ең ірі бөлшек сауда орындарының бірі. Target сонымен қатар АҚШ-тағы үшінші ірі музыка аспаптарын сатушы.
NYSE (TGT) 1 жай акцияға –
$1,08
Weyerhaeuser
Дүние жүзіндегі ең ірі жеке орман алқабы иелерінің бірі, АҚШ-та 12,4 миллион акр орман алқапбына иелік етеді және Канададағы ұзақ мерзімді лицензиялар бойынша 14 миллион акр орман алқабын басқарады. Кәсіпорын ағаштан жасалған бұйымдарды да шығарады. Жылжымайтын мүлікке арналған инвестициялық қор (REIT) ретінде құрылған.
NYSE (WY) 1 жай акцияға-
4$0,9
Сондай-ақ оқыңыз