Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 10-санкциялар пакеті аясында Альфа-Банкті қоса алғанда, төрт банкке шектеулер енгізуі мүмкін. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлады.
Санкцияларға ұшырауы мүмкін басқа банктердің атаулары басылымда көрсетілмеген.
Әзірге ЕО мемлекеттерінің тұрақты өкілдері өз елдерінің билігіне Еуропалық комиссияның ұсыныстары туралы хабарлайды, ал сәрсенбіде олар санкциялардың жаңа пакеті талқыланады.
2022 жылдан бастап Еуропалық Одақ Ресейге қарсы барлығы тоғыз санкция пакетін енгізгенін еске саламыз.