Қазір карточкамен жалақы немесе жәрдемақы, зейнетақы алатын кез-келген адам алаяқтардың құрбаны болып жатады. Қаржы алаяқтары болса, оларға күні-түні телефон шалып, банктің немесе мекеменің атын атап карточкадағы аздаған тиын-тебендерін өздеріне аудартып алуға тырысады. Сол кезде алданғаныңызды сезсеңіз карточкаларыңызды бұғаттау үшін дереу құқық қорғау органдарына, сондай-ақ банкке жүгіну қажет. Банк карточкаларды бұғаттап, жаңаларын қайта шығарады. Бұл туралы fingramota.kz сайты сараптамалық мақала жазды
Микрокредиттерді ресімдеу бойынша онлайн-сервистерде банктік қосымшадағы жеке кабинеттен құпия сөздерді міндетті түрде өзгертіңіз.
Алаяқтардың сіздің атыңызға жалған кредитті ресімдемегеніне көз жеткізу үшін тоқсанына бір рет кредиттік тарихыңызды тексеріңіз. Дербес кредиттік есепті кредиттік бюролардан (Мемлекеттік кредиттік бюро немесе Бірінші кредиттік бюро), ХҚКО-лардан немесе egov.kz сайтынан алуға болады. Заң бойынша күнтізбелік жылда бір рет дербес кредиттік есепті тегін сұратуға болады.
Қаржы алаяқтарынан жеке деректеріңізді қорғай үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
Сізге банктен несие немесе микрокредиттерді тиімді шарттармен рәсімдеуді ұсынатын делдалдарға сенбеңіз, кредитті ресімдеу үшін ақшалай сыйақы бермеңіз. Бұл алаяқтар.
Несие мен микрокредиттер үшін тікелей банктерге немесе микроқаржы ұйымдарына хабарласыңыз. Бірақ кез келген кредиттің үлкен жауапкершілік екенін ұмытпаңыз!
WhatsApp, Telegram, Viber және басқа да мессенджерлер арқылы бөгде адамдарға өзіңіз және картаңыз туралы ақпаратты: құпия сөздерді, логиндерді, кодтарды және басқа да жеке деректерді (ЖСН, жеке куәліктің немесе паспорттың нөмірі, төлем картасының деректемелері: картаның сырт жағындағы үш таңбалы кодты (CVV/CVC-код), оның нөмірін, қолданылу мерзімін және т.б.) бермеңіз. Жеке басын куәландыратын құжаттар мен төлем карточкаларының фотосуреттерін әлеуметтік желілерде жарияламаңыз.
Егер сізбен (телефон немесе онлайн) банктің немесе МҚҰ менеджері хабарласып, сіздің шотыңызға алаяқтық шабуылдар туралы хабарлап, «қауіпсіз» шотқа ақша аударуды, «айна» кредитті ресімдеуді немесе банкомат арқылы қаражат алуды сұраса, әңгімені аяқтаңыз. Ақпаратты қайта тексеру үшін кредиттік ұйымның call-орталығына қоңырау шалыңыз.
Есіңізде болсын: қаржы ұйымдарының өкілдері бірінші болып қоңырау шалмайды және сіздің жеке деректеріңізді алу үшін мессенджерлер арқылы жазбайды, сонымен қатар делдалдық қызметтерді ұсынбайды.
Вирустық, шпиондық немесе үшінші тараптарға сіздің құрылғыңызды қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін (мысалы, AnyDesk немесе TeamViewer) қосымшаларды бейтаныс адамдардың нұсқаулары бойынша жүктеп алмаңыз.
Фишингтік сілтемелерге өтпеңіз. Күдікті сайттарға тіркелмес бұрын, олардың мекенжайын тексеріңіз, ол мекенжай https:/ – ден басталуы керек.
Шотты немесе картаны ашқан кезде операциялар туралы SMS- немесе push хабарлама қызметін қосыңыз. Мобильді банктік қосымшада, сондай-ақ пошта мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар үшін күрделі құпия сөздерді қолданыңыз. Құпия сөздер әртүрлі болуы керек. Құрылғылардағы антивирустық бағдарламаны үнемі жаңартып отырыңыз.
Маңызды! Интернеттегі алаяқтардан қорғау үшін жақын адамдарыңызға және егде жастағы туыстарыңызға осы ережелер туралы айтып беріңіз!