QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының басшысы Польшадан елге қайтарылды

Жарияланды
QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының басшысы үсталды. Фото: shutterstock.com

Польша Әділет министрлігі QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген «К»-ны Қазақстанға экстрадициялау туралы Бас прокуратураның өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды бапасөз қызметі.

«Ол 2018-2020 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қаржы пирамидасының жетекшілерінің бірі бола тұра, азаматтардың ақшалай салымдарын жалған жобаларға тартудың қылмыстық схемасын ұйымдастырып, үлкен қызығушылық төлем жасау елесін қалыптастырған деген күдікке ілінген. Ұйымдасқан топ мүшелерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде зардап шеккен 1345 жәбірленушіге 6,3 млрд теңгеден астам шығын келтірілген», делінген хабарламада.

Қылмыс жасаған «К» қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта ол Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін ол 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күні кеше Алматыда осы қаржы пирамидасын ұйымдастырған 15 адамға сот үкімі шыққан.

Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасып, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.
«AMAZON» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салып отырған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 6-7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз