Әйелдердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін бе?

Жарияланды
Әлихан Смайылов депутаттардың үсынысын қолдамады. Фото: kursiv.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов депутаттардың әр туған баласы үшін әйелдердің зейнет жасын екі жылға қысқарту туралы ұсынысын қабылдамады.

Мәжілістің жетінші шақырылым депутаты Аманжан Жамалов қаңтар айының ортасында осындай ұсыныс жасаған болатын.

Үкімет басшысы елімізде үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейтінін еске салды. Ол базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыны , олардың мөлшері еңбек өтілі бойынша анықталады.

«Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде әйелдердің еңбек өтіліне жалпы 12 жыл,е әрбір баланы үш жасқа толғанға дейін бағып-күткен уақыты қосылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жағдайында әрбір баласы үшін зейнеткерлік жасын екі жылға қысқарту олардың болашақта тиісті зейнетақы төлемдерін алуына мүмкіндік бермейді», деді Смайылов депутатқа берген жауабында.

Үкімет басшысы жинақтаушы қатысудың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында
декреттік демалыстағы жұмыс істейтін әйелдерді зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, 2014 жылдан бастап республикалық бюджеттен міндетті зейнетақы жарналары субсидияланып жатөанын атап өтті. Биыл бала күтімі мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылды.

2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан президенті әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде ұстап түруды тапсырған.

Сондай-ақ оқыңыз