Экономикалық зерттеулер институтының болжамы бойынша, 2023 жылы Қазақстан экономикасы өсімі 3,8% (2022 жылы – 3,1%) болмақ.
Ең жоғары өсу қарқыны:
- тау-кен өнеркәсібі (6,6%);
- сауда (5,4%);
- қаржылық және сақтандыру қызметі (3,9%);
- ақпарат және байланыс (3,5%) салаларында байқалуы ықтимал.
2023 жылдың екінші тоқсанынан бастап елде мұнай өндірісі бұрынғы деңгейіне жетіп, одан әрі қарқын алуы мүмкін. «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасы аясында өндірілетін мұнай ел экономикасына айтарлықтай қолдау көрсетеді. Биыл мұнай өндіру көлемі 92,6 миллион тоннаға жетеді деген болжам бар.
Бұл болжам КҚК құбыры арқылы шикі мұнай жеткізілімі үзілмей, инфляция төмендеген сайын тұтыну шығыны артып, Қытай мен Еуроаймақ тарапынан сұраныстың әлсіреуіне байланысты экспорт баяулайды деген жорамалдарға негізделген.
«Экономикалық өсімге халықтың кірісін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың арқасында артатын тұтынушы сұранысы да әсер етеді. Бұған мемлекеттік басқару және қорғаныс, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер жалақысын арттыру да кіреді», дейді ERI сарапшылары.
Сонымен қатар, тұтынушылық несие де одан әрі өсім көрсетіп, үй шаруашылығы көрсеткіштеріне әсер етеді.
LRT, Достық-Мойынты және т.б. сияқты инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ ТШО зауыты жобасының құрылысын аяқтау, жалпы капиталды қалыптастыру арқылы экономикалық өсуді қолдауға көмектеседі.
«Біз инфляциялық қысым 2023 жылы әлсірейді деген болжам жасап отырмыз. Бірақ инфляция 2023 жыл бойы (11,2%) екі таңбалы болып тұрады. Қазақстан экономикасына осындай болжамдарды ХВҚ (4,4%), ЕАДБ (4,2%), Дүниежүзілік банк (3,5%) сияқты халықаралық ұйымдар да жасап отыр», дейді сарапшылар.