2023 жылы қор нарығын не күтіп тұр?

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор
2023 жылы жақсы дивиденд төленуі мүмкін. Фото: shutterstock.com

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында  Қазақстанның акциялар нарығы әлемдік нарықтың соңынан «аю нарығына» өтіп, 27,2%-ға төмендегені белгілі. Екінші жартыжылдықта  жергілікті акциялар нарығында индекстің қалпына келуі мен өтімділіктің біртіндеп қалпына келуі байқалған. 2023 жылғы басты тренд – нарықтың қалпына келуі болмақ. Бұл туралы  «Фридом финанс» АҚ өкілдері айтты.

Былтырғы көрсеткіштер қандай?

Былтыр нарық төмендегенімен, инвесторлар ашқан шот саны 2021 жылмен салыстырғанда 3 есе өсіп, 547 мыңға жеткен. «Фридом Финанс» АҚ тұтынушылармен жұмыс істеу департаментінің бөлім басшысы Ермек Төлендіновтың айтуынша, соның ішінде 50 мыңнан астам шот ҚМГ IPO-сы қарсаңында ашылған.

KASE-дегі жиынтық  сауда-саттық көлемі 2022 жылы 261,6 трлн теңгені құраған. 2022 жыл қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 11,5 %-ға 3 251,64 тармаққа дейін төмендегені белгілі.

Акциялар нарығын капиталдандыру бір жылда 26,4 %-ға 21,2 трлн теңгеге дейін төмендеді. KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 6,3 %-ға 14,4 трлн теңгеге дейін азайған.

2022 жылы 23 жаңа эмитентттің бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілді: төртеуі акциялар секторында, сегізі KASE Global секторында, 10 корпоративтік облигациялар секторында және біреуі инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар секторына орналастырылды.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, KASE сауда-саттық тізімдерінде 230 эмитенттің 584 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары бар.

Ал Қазақстан, Ресей, Қытай мен Еуропа елдері брокерлерінің басын біріктерген AIX биржасындағы сауда көлемі 2018 жылы 8 млн долларды құраса, 2022 жылы 173 млн долларға жеткен. Эмитеттер саны 5 жыл бұрын 12 ғана болса, бүгінде 85-ке дейін көбейген.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, тартылған борыштық капитал көлемі – $ 2,39 млрд. Тартылған үлестік капитал көлемі – $348,9 млн.

2021 жылғы шілдеде АХҚО биржасында, AIX, KASE, LSE биржаларында сауда жасайтын 9 қазақстандық, Қазақстанмен байланысты компаниялардың акциялары және жаһандық депозитарлық қолхаттарынан тұратын AIX Qazaq Index (AIXQI) іске қосылғаны белгілі.

Жақында «Астана» халықаралық қаржы орталығында ITS жаңа халықаралық сауда хабы жұмысын бастайтыны белгілі болды.

Ол реттеуші рұқсаттарды алған соң, инвесторларға әлемдік ең ірі компаниялардың мыңдаған шетелдік акцияларын сатып алуға мүмкіндік береді. Жаңа платформаның басты артықшылықтарының бірі – әлемдік нарықтағы ең жақсы бағамен мәмәле жасай отырып, тәулігіне 16 сағат бойы Азия, Еуропа мен АҚШ-та бағалы қағаздармен сауда жасау мүмкіндігі болмақ.

Биыл қор нарығын не күтіп тұр?

Frееdom Broker өкілдерінің айтуынша, 2023 жылы отандық қор нарығы қалпына келе бастайды. Өйткені сыртқы нарықтар да пандемия мен геосаяси шиеленістен кейін ақырындап ес жиып келеді. 2023 жыл әлемдегі «аю» нарығы аяқталады деп күтіліп отыр.

Биыл мұнай бағасының көрсеткіштері (перспективалар) Қытайдағы карантин шектеулерінің әлсіреуі мен жаңа өндіріске инвестиция салу арқылы жақсарды.

Бүкіл KASE эмитенттерін іргелі талдау (былтыр қосылған Қазмұнайгазды ескере отырып) индекстің орта мерзімді өсу әлеуеті 18,6%  екенін көрсетеді.

Ақша-кредит саясатын жеңілдету. Батыс нарықтарындағыдай, Қазақстанда да жыл басында инфляцияның шарықтау шегі өтіп кетуі ықтимал, бұл базалық мөлшерлемені 16,75%-дан аздап төмендетуге мүмкіндік беруі мүмкін.  АКС-ны жеңілдету эмитенттерді дисконттау мөлшерлемесін төмендетуге ықпал етеді. Бұл KASE индексіндегі компанияларды бағалауда оң әсер береді.

Дивидендтер. 2022 жылы белгісіздік қысымына байланысты эмитенттер дивидендтер төлеуді қысқартқан. 2023 жылы негізгі дивидендтік фишкалардың көлемі артпақ. Олардың қатарына тағы бір төлемге қабілетті эмитент – Қазмұнайгаз қосылды.

Жаңа акцияларды орналастыру. 2023-2024 жылдары қор нарығында кем дегенде бір ірі IPO – Air Astana акциялары саудаға шығуы мүмкін. Қазіргі таңда әуетасымалдаушы FlyArystan дискаунтері арқылы ішкі және жақын шетел нарығын жақсы игеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз