Жаңалықтар

Қазақстан мұнай өндіруді арттырудан әлемдік драйверлердің біріне айналады

Қазақстан мұнай өндіруден әлемдік драйгерге айналады. Фото; Kursiv.media

Қазақстан биыл мұнай мен газ конденсатын былтырғы  жылмен салыстырғанда тәулігіне 160 мың баррель көбірек өндіреді деп,  болжайды ОПЕК кезекті есебінде.

Бұл Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ өндірісінің өсуі есебінен жүзеге аспақ. Желтоқсан айында Қазақстан Қашаған мен Қарашығанақта өндіріс көлемін арттыру есебінен 7 мың баррельге, тәулігіне 1,6 млн баррельге дейін өндіруді ұлғайтты.

Жалпы, ОПЕК ұйымға кірмейтін елдерде мұнай мен газ конденсатын өндіру бойынша болжамды тәулігіне 150 мың баррельге – 2023 жылы тәулігіне 67,01 млн баррельге дейін төмендетті. Қазақстаннан басқа АҚШ, Норвегия, Бразилия, Канада және Гайанада мұнай өндірудің өсуін күтіп отыр.  Өз үлесін қосудан АҚШ әрқашан алда, онда өндіріс 1,11 миллион баррельге, тәулігіне 20,14 миллион баррельге дейін өседі.

Ресей өндірісті тәулігіне 0,9 миллион баррельге дейін төмендетеді. Мексикада да мұнай өндірісі төмендеуі мүмкін.

Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы терминалы арқылы мұнай экспорты желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда 5% — ға-тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін (немесе 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 8% – ға) өсті. Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы экспорт желтоқсан айында 10% – ға, тәулігіне 633 мың баррельге дейін өсті.

ОПЕК мәліметтері бойынша, Itals маркалы мұнайдың құны аздап төмендеді-23 қаңтарда барреліне 52,21 долларға дейін, 22 желтоқсанда барреліне 52,23 доллардан бағаланды. Ұйым талдаған барлық басқа мұнай сорттары бір айда қымбаттады. ОПЕК мұнай себетінің бағасы бір баррель үшін 81,23 долларға дейін артты, желтоқсан айында баррелі 79,68 доллар болған еді. WTI – бір ай бұрынғы 76,5 долардан, барреліне 78,19 долларға дейін көтеріді.

Осылайша, Brent пен WTI арасындағы спрэд желтоқсан үшін бір айда барреліне 4,82 доллардан 5,75 долларға дейін өсті. Қаңтардағы айырмашылық 7 долларға жетті. КТК арқылы жеткізілетін CPC Blend бір ай ішінде барреліне 3,87 долларға қымбаттады және 23 қаңтарда барреліне 82,86 доллар тұратын North Sea Dated-пен айырмашылық 3,75 доллар болды.