ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқартуға келісті

Жарияланды
Келісімді 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер қараша айынан бастап,  мұнай өндіруді тәулігіне 2 млн баррельге қысқартуға келісті. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлайды.

Министр Болат Ақшолақов Вена қаласында (Австрия) ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысына қатысқан.

Отырыс барысында тамыз айында елдердің міндеттемелерін орындауы талқыланған. Жиын барысында келісімді 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, ОПЕК+ елдерінің 19-кеңесінде мақұлданған базалық деңгей бекітілді.

Қазақстанның қарашаға арналған міндеттемесі тәулігіне 1,628 млн. баррельді құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз