Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Жарияланды
Фото; ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы Үкімет телеграм арнасы хабарлады

Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар. Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі. Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетіп жатыр

Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 41 мың адамға жетті. Бір апта өткен соң, тірі қалған тоғыз адам үйінділердің астынан құтқарылды, деп хабарлайды Reuters. ҚР ТЖМ деректері бойынша, сол күні, ауысыммен 20 сағат жұмыс істегеннен кейін қазақстандық құтқарушылар үйінділерден әкесі мен оның екі баласын алып шықты.

Сондай-ақ оқыңыз