Қазақстанда қандай автомобильдер жол-көлік оқиғасына жиі ұшырайды?

Жарияланды
Жол-көлік оұиғасына қандай көліктер жиі түсетіні белгілі болды Фото: shutterstock.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны 20-50 млн аралығында құбылады. Ең көп жол апаттары Үндістан, АҚШ және Қытайда байқалған. Бұл жағдайда, кінәлі және зардап шеккендердің жасы әр елде әрқалай. Ал Toyota, Nissan, Kia, Hyundai және Honda маркалы автомашиналары жол үстінде оқыс оқиғаға жиі тап болады екен.

Бұл ретте Freedom Insurance СК мамандары Қазақстанда және басқа елдерде болатын жол апаттарына байланысты зерттеу жасаған.

АҚШ

Америкалық WikiLender талдаушылары өз зерттеулері негізінде апатқа жиі тап болатын автомобильдер бестігін анықтап шығарған. Олар:

  • BMW – 21%;
  • Land Rover – 16%;
  • Infiniti – 14%;
  • Lexus – 13%;
  • Nissan – 9%.

2021 жылы құрама штаттарда жол-көлік оқиғасы салдарынан шамамен 40 мың адам қайтыс болған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда, 10,5 пайызға артық. Америкалық мамандардың пайымдауына сәйкес, 65-тегі және жасы одан да үлкен тұлғалар апатқа кінәлі болып жиі танылады.

Ұлыбритания

Британдық автомобиль ассоциациясы, жол апаты бойынша алдағы қатарында келесі автомаркаларды атады:

  • Honda – 18,6%;
  • Volvo – 15,9%;
  • Lexus – 15,5%;
  • Mazda – 15,3%;
  • Honda – 15%.

Жол апатының өлімге әкеліп соқтыруы тұрғысынан Ұлыбритания «үздіктер» қатарына кірмейді және тек Норвегия, Швеция, Швейцарияға жол береді. Қауымдастық сарапшыларының пікіріне сәйкес, жол-көлік оқиғасына тап болу тәуекеліне жасы 25-ке толмаған тұлғалар жиі ілігеді.

Австралия

Монаша университетінің зерттеушілері жол жүру кезінде күңгірт түсті көлік құралдары аса қауіпті болып танылады деп анықтаған. Жарық күндері аталған түсті автомашиналар апатқа жарық түсті автомашиналардан 12%-дан астам жиі түскен, ал қараңғы түндегі артықшылық көрсеткіші – 47%. Жол-көлік оқиғасына ұшырау бойынша мына маркалар алдыңғы қатарда:

  • Toyota – 16%;
  • Mazda – 12%;
  • Ford – 11%,
  • Hyundai – 7%,
  • Holden – 6%.

Savvy есебіне сәйкес, 90%-дан астам австралиялық отбасында қазіргі уақытта автомобиль бар. Жалпы елде 20 миллионнан артық көлік құралы тіркелген. 2021 жылы Австралияда жол-көлік оқиғасы салдарынан 1123 адам қайтыс болыпты. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға артық. Жол оқиғасына жиі тап болатын ерлер жасы – 24-28, ал әйелдердің жасы – 29-33.

Үндістан

Бұл елде жол апаты көп жағдайда мотоцикл айдаушылардың қателігі салдарынан жиі туындайды.

Автомобильдерді алғанда, апатқа жиі түсетіндері:

  • Tata – 16%;
  • Mahindra – 12%;
  • Honda – 11%;
  • Volkswagen – 8%;
  • Hyundai – 6%.

Жылт сайын Үндістанда әлеммен салыстырғанда, барлық апаттардың 11%-ы болады. Статистика бойынша, елде жылына шамамен 450 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 150 мыңдай ер адам қаза табады. Жол-көлік оқиғасына жиі тап болатын ер азаматтар жасы – 25-35.

Жапония

Бұл елде апатқа жиі түсетін маркалар:

  • Toyota – 12%;
  • Honda – 7,5%;
  • Suzuki – 6,8%;
  • Daihatsu – 6,3%;
  • Nissan– 4,8%.

Statista.com мәліметтеріне сәйкес, Жапонияда 10 жыл ішінде апаттар саны екі есе төмендеген. Егер 2012 жылы елде 665,16 мың оқиға тіркелсе, 2021 жылы тіркелген оқыс оқиға саны – 305,2 мың. Жол-көлік оқиғасына кінәлі және зардап шеккендер жасы – 65 асқан адамдар.  

Қытай

Қытайда жол-көлік оқиғасына жиі қатысан көліктер:

  • Toyota – 18%;
  • BYD – 17%;
  • Buick – 14%;
  • Haval – 13%;
  • Volkswagen – 9%.

Жылс айын елде орташа алғанда 500 мың жол-көлік оқиғасы болады. Салдарынан 100 мыңнан артық адам көз жұмады. Қытай 10 жылдан артық уақыт бойы жол апаты жиі болатын елдер тізіміне кіріп отыр. «Ең қауіпті» жүргізушілер қатарына жасы 45-55 аралығындағы азаматтар кіргізілген.

Ресей

2022 жылы апатқа жиі түскен автомашиналар:

  • Lada – 19%;
  • Toyota – 8%;
  • Kia – 7,9%;
  • Hyundai – 7,9%;
  • Nissan – 5,7%.

Ресей Ішкі істер министрлігі қарамағындағы Ғылыми орталықтың дерегі бойынша, 2022 жылдың 9 айы ішінде жол-көлік оқиғасының жалпы саны былтырмен салыстырғанда 6,1%-ға қысқарған: 91 255 мың оқиға. Оқиғаға кінәлі тұлғалар жасы – 30-39 аралығында.

Қазақстан

Freedom Insurance СК мәліметтер базасына сәйкес, жол-көлік оқиғасына мына көліктер жиі тап болады (ОГПО және КАСКО сақтандыру төлемдері бойынша тіркелген):

  • Toyota – 11,2%;
  • Hyundai – 5,2%;
  • Volkswagen – 4,8%;
  • Nissan – 3,3%;
  • KIA – 3%.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер:

  • Toyota – 13,5%;
  • Hyundai – 7,3%;
  • KIA – 4%;
  • Volkswagen – 3,7%;
  • Chevrolet – 3,3 % жүргізушілері.

Апатқа жиі түсетін ерлер жасы – 28-33, ал  әйелдер – 24-29.

Жол апаты туындағаннан кейін оның шығындарын сақтандыру төлемі арқылы реттеуге болатыны белгілі. Сақтандыру төлемін алу процесінің ұзақтығы немесе жеделдігі жүргізушінің сақтандыру пакетінің қандай түрін таңдауымен байланысты.

Егер тұтынушы төлемді стандартты түрде алатын болса, онда заңға сәйкес сақтандыру компаниясы өтемақыны 15 жұмыс күні ішінде, соңғы құжатты алғаннан кейін төлеуі тиіс. Маңыздысы, жол-көлік оқиғасы дәйегі бойынша толтырылған құжаттардың дұрыстығы мен нұқсан мөлшері дұрыс есептелгеніне назар аудару қажет: Сақтандыру төлемінің мөлшері соған байланысты болады. Егер құжаттар жетіспесе немесе олар дұрыс толтырылмаған болса, сақтандыру төлемдерін алу процессі бірнеше айға созылуы мүмкін. Орташа алғанда, оқиға болған күннен төлемді алу күніне дейінгі процесс 70-90 күнді құрауы мүмкін.

Freedom Insurance СК хабарлауынша, 2022 жылдың қарашасынан бері төлемдерді онлайн алу бойынша жаңа цифрлық сервисі іске қосылды. Енді оқыс оқиғаға тап болған азаматтар сақтандырушының кеңсесіне бармай, құжаттарды жинауға уақыттарын бөлмей, өтемақыны банк картасын тіркеу арқылы бірнеше күн ішінде алуы мүмкін.

Электронды өтініш түсіру және төлемді алу сәтіне дейін, өтінім беру процедурасын dtp.kz сайтында орындауға болады. Орташа алғанда, бұл процесске 5-7 күн уақыт кетеді.

Қазақстандағы әрбір екінші көліктің жолда жүргеніне 20 жылдан асып кеткен. Осындай 2 миллоннан аса көлік бар.

Сондай-ақ оқыңыз