Қостанайда ресейлік азамат тыйым салынған кәсіптен 180 млн табыс тапқан

Жарияланды
Фото; ғаламтордан алынды

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментімен «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың тағы бір фактісінің жолы кесілді- деп, хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі

Ресей Федерациясының азаматы 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде аса ірі көлемде 180 миллион теңгеден астам сомаға табыс алғаны анықталды.

Сот үкімдері бойынша күдіктінің 85 миллион теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі, оның ішінде «Binance» крипто биржасының платформасында орналастырылған цифрлық активтері (криптовалюта) тәркіленді.

Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды.

Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды, іс аясында криптовалюта айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, басқа да мәліметтер ашып көрсетуге жатпайды.

ҚМА көлеңкелі экономикамен күрес жұмысын жалғастыратын болады. Өткен жылдың өзінде ғана Агенттік қабылдаған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейін 19,7%-ға дейін төмендетуге оң әсер етті, бұл ретте болжамдық мән 21,5%-ды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз