Жаңалықтар

2022 жылы жалпы ішкі өнімнің индексі 103,2% құрады

Жедел деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ)  өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,2% құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Ең үлкен өсімді Құрылыс – 9,4%, Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1%, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 5%, Көлік және қоймалау – 3,9% және Өңдеу өнеркәсібі – 3,4% салалары көрсетті.

ЖІӨ-нің атаулы мәні және құрылымы

 ЖҚҚ,млн. теңгеҚұрылымы,%-бенӨткен жылға, %-бен
НКИдефлятор
Жалпы ішкі өнім101 522 983,7100,0103,2117,2
  Тауарлар өндірісі40 335 725,539,8103,2115,5
     Ауыл, орман және балық шаруашылығы5 267 971,45,2109,1114,3
     Өнеркәсіп29 678 203,529,3101,0118,2
     Құрылыс5 389 550,65,3109,4103,4
  Қызметтер өндірісі53 407 849,752,5102,6115,0
  Жалпы қосылған құн93 743 575,292,3102,9115,2
Таза салық7 779 408,57,7107,9148,5

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.

ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.