Былтыр жер қойнауын пайдалануға салынған инвестиция көлемі 7,7 трлн теңгені құрады

Жарияланды

Бүгінгі таңда көмірсутектер бойынша 276 келісімшарт бар, оның ішінде ӨБК – 9, барлауға – 137, өндіруге – 130.

Фото:shutterstock

2022 жылы жер қойнауын пайдалануға салынған инвестициялар сомасы 7,7 трлн. теңге, оның ішінде өндіруге – 2,8 трлн. теңге, геологиялық барлауға – 135,7 млрд. теңге., қалған 4,7 трлн.теңге күрделі шығындарға, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына (ӨӘЭД), азаматтарды оқытуға, ҒЗТКЖ-ға тиесілі, – деді ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов 2023 жылғы 15 ақпанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

ҚР Энергетика министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылданған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұсталатын жер қойнауы учаскелерін тексеру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүйелі бұзушылықтары бар 27 келісімшарт бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде 12 келісімшарт бұзылды, 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд. теңге сомасына берешек өтелді, 6 келісімшарт бойынша жұмыс жалғасуда, оның ішінде сот тәртібімен.

Мемлекетке қайтарылған жер қойнауының учаскелері инвестициялар тарту үшін аукционға қойылады.

Сондай-ақ брифинг барысында Асхат Хасенов ведомствоның салалық заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, 2022 жылы ҚР Энергетика министрлігі Жер қойнауы туралы кодекске мынадай өзгерістер дайындады:

Бірінші. Өндірілуі қиын қорларды игеруге тарту мақсатында «дәстүрлі емес көмірсутектер» бөлігінде нормалар енгізілді. Бұл бастама «жеңіл мұнайды» игеруден «шығарылуы қиын мұнайға» көшуге дайын болуға және оны алдын ала қарастыруға мүмкіндік береді.

Екінші. Аукциондар арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдері жеңілдетілді, атап айтқанда:

• мемлекеттік органдардың қолданыстағы дерекқорларымен интеграция, бұл аукционға ұсынылатын құжаттардың санын қысқартуға мүмкіндік береді;

• кепілдік жарнаны енгізу;

• екінші орын алған қатысушымен келісімшарт жасасу.

Үшінші. Реттеушілік және фискалдық преференциялардың елеулі пакетін бекітетін күрделі жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында «Жақсартылған модельдік келісімшарт» (ЖМК) енгізілді.

ЖМК тетігі елдің минералды-шикізат базасын толықтыруға және күрделі жобалар бойынша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

«Аукцион арқылы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі 2020 жылдан бастап толығымен автоматтандырылған және электронды түрде көрсетіледі, бұл оның барынша ашықтығын қамтамасыз етеді», – деді вице-министр Асхат Хасенов.

2020-2021 жылдары 3 электрондық аукцион өткізілгені атап өтілді. Нәтижесінде көмірсутектерді өндіруді барлауға және өндіруге 39 жаңа үлгілік келісімшарт жасалды. Мемлекеттік бюджетке төленген қол қою бонусының сомасы 12,8 млрд. теңгені құрады, геологиялық барлауға 237,4 млн. доллар сомасына инвестициялар мәлімделді.

2022 жылы ҚР Энергетика министрлігі 2 аукцион өткізді, оған 55 жер қойнауы учаскесі шығарылды. Аукциондардың нәтижелері бойынша шамамен 26 млрд.теңге сомаға қол қою бонусын төлей отырып, 38 жер қойнауы учаскесі өткізілді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда ең көп сомма болып табылады. Геологиялық барлауға салынған инвестициялар 100,0 млн. доллардан асты, – деп ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов баяндамасын қорытындылады.

Сондай-ақ оқыңыз