Нидерландының Қазақстанға салған инвестициясы $100 млрд-тан асты

Жарияланды
Фото; баспасөз қызметінен

Налдвейк қаласының «World Horti Center» халықаралық бау-бақша орталығында ресми тұлғалар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Нидерланды инвестициялық дөңгелек үстелі өтті-деп, хабарлайды invest.gov.kz сайты

Қонақтарды Вестленд муниципалитетінің мэрі Бауке Арендс, «World Horti Center» директоры Пак ван Холстейн, «Dutch Greenhouse Delta» директорының міндетін атқарушы Мирьям Бокестейн, сондай-ақ Нидерланды Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігінің Бас хатшы Ян-Кис Гет және арнайы елші Фредерик Воссенар қарсы алды.

Вестленд муниципалитетінің мэрі Бауке Арендстің айтуынша, Қазақстан мен Нидерланды соңғы отыз жылда саяси, экономикалық және мәдени салаларда берік және сенімді ынтымақтастық орнатты. Елдер агроөнеркәсіптік, геологиялық барлау, тау-кен өндіру, металлургия және электротехника салаларында бірлескен жобаларды іске асыруды кеңейту үшін зор мүмкіндіктерге ие.

ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Нидерланды Қазақстан экономикасына салған инвесторлардың көшін бастап келеді деді. Соңғы 30 жылда тікелей инвестициялар шамамен $110 млрд құрады және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Нидерланды Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне кіреді. Сонымен қатар, соңғы жылдары сауда көлемі тұрақты өсуде. Бүгінде қазақстандық нарықта голландиялық капиталы бар 900-ден астам компания жұмыс істейді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «MJ Tech» пен Қазақстан жылыжайлар Одағы арасында ирригациялық жабдықтар өндіру жөніндегі жобаны іске асыру ынтымақтастығы туралы, «Royal GD» мен ҚР АШМ Республикалық ветеринариялық зертханалары арасында, сондай-ақ «Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС, «Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және нидерландтық «Royal Eijkelkamp» арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Жоғарыда аталған іс-шарадан басқа қазақстандық делегация Налдвейк, Роттердам және Гаага қалаларында жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

«Invest International» (қаржы) инвестициялық қорының басшылығы Эльс Хантийспен келіссөздер нәтижелері бойынша Голландия үкіметі тарапынан экспорттық және жобалық қаржыландыруды қолдау бөлігінде оларды одан әрі қаржыландыру үшін голландиялық компаниялардың қатысуымен инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз