Үкімет Қазақстанды 2023 жылға қарай туризмі дамыған 50 елдің қатарына қоспақ

Жарияланды
Туризмі дамыған елдерді қатарына кіру жоспарда бар. Фото:kursiv.media

Үкімет Қазақстанды 2030 жылға қарай туризмі дамыған әлемнің үздік 50 елінің қатарына қосуды көздеп отыр.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте дене тәрбиесі және спортты, сондай-ақ туризм саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаларының жобалары қаралған.

» Тұжырымдама бойынша қалаларда қолжетімді жерлерден жаңа спорттық инфрақұрылымдық нысандарды (жүгіру және велосипед жолдары, спорттық алаңдар), өңірлерде бұқаралық спорт орталықтары мен ауылдық жерлерде модульдік спорт ғимараттарын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қатысуға ниет білдірушілерді кеңінен тартып және өткізілу кестесін медиа кеңістікте хабарлай отырып, спорттық-бұқаралық шаралар мен спартакиадалар өткізуге де назар аударылатын болады», делінген хабаламада.

Туризм саласын дамытуға қатысты республиканың негізгі 10 турдестанициясында инфрақұрылымдарды жаңғырту, сервис сапасын арттыру, халықаралық аренада еліміздің туристік әлеуетін ілгерлету және т. б. шараларды іске асыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар жаңа әуе бағыттарын ашу, туристік қызметтерді цифрландыру, қонақ үй бизнесінде және саланың басқа секторларында стандарттарды арттыру жөнінде жұмыс жүргізіледі.

2030 жылға дейін барлық шараларды іске асырудың нәтижесінде:

  • ішкі туристердің санын 11 млн адамға дейін арттыру,
  • шетелдік туристерді 4 млн адамға дейін арттыру,
  • салада жұмыспен қамтуды 800 мың адамға дейін арттыру жоспарда бар.
Сондай-ақ оқыңыз