Maxim Group-ты сатып алатынын мәлімдеген Freedom акциялары бірден 24% қымбаттады

Жарияланды

Freedom Holding Corp америкалық Maxim Group LLC-ті сатып алатыны туралы хабар шыға салып, Freedom акциялары бірден 24 пайыз қымбаттады.

Америкалық Nasdaq сауда алаңының мәліметі бойынша, Freedom Holding Corp акциялары құны бейсенбі, 16 ақпан күнгі сауданың қорытындысы бойынша бірден 23,9%-ға өсіп, 79 долларға дейін жеткен. Сауда-саттық күні бағалы қағаздардың құны $81,92-ға дейін көтерілді. Содан кейін компанияның 20,1 мың акциясымен мәмілелер жасалды.

ИНвесторлардың көңіл-күйіне Freedom Holding Corp-ның инвестициялық Maxim Group LLC қаржы институтын еншілес ұйымы – Maxim Financial Advisors LLC компаниясымен бірге сатып алатыны жайлы ақпарат әсер еткен. Мәміленің болжамды құны 400 миллион АҚШ долларына тең қолма-қол ақшаны және жай акцияларды құрайды. Бұл туралы Freedom Holding баспасөз қызметі хабарлады.

Холдинг бұл мәміле 2020 жылдың желтоқсанында америкалық Prime Executions компаниясын сатып алудан басталған халықаралық экспанциясының заңды жалғасы деп есептейді. Банкті сатып алған соң Maxim Group атқарушы төрағасы болып Роберт Вотциак, бас атқарушы директоры болып Клиффорд Теллер және Крис Фиор компания президенті болып тағайындалады.

«Біз жаһандық нарыққа толық кіруге ұмтыламыз. Сонымен қатар, біз мұндай стратегияның ең маңызды құрамдас бөлігі ретінде АҚШ нарығында өкілдік ашу екенін түсінеміз. Maxim Group-пен жасалған іргелі мәміле холдинтің кеңеуіне әсер етіп, Америка Құрама Штаттарындағы қызметімізді дамытуды жалғастырады», деді Freedom Holding бас директоры Тимур Турлов.

Роберт Вотциак Maxim банктің көптеген өкілдерімен бірге жұмыс істегенін, сондықтан «бұл команда бүкіл бағыт бойынша бизнестің жылдам өсуін қамтамасыз ете алатынына» сенім білдірді.

Maxim Group президенті Клиффорд Теллер өз кезегінде «үлкен ресурстар» мен Freedom-мен синергия арқасында банктің енді бүкіл инвестициялық банкинг саласында өсу мүмкіндігі бар екенін айтты.

Freedom Holding Maxim-нің Азия, Греция, Израиль және Батыс Еуропаның басым бөлігіндегі корпоративтік және институционалдық ықпалы холдингтің брокер және жаһандық дистрибьютор желісін кеңейтеді деп есептейді.

Maxim Group LLC – штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан инвестициялық банк компаниясы. Ол жеке және жаһандық институционалды қаржыны басқару, тіркелген кірісті бағалы қағаздар, қаржы құралдарын, құнды қағаздарды сату сынды қаржылық қызметтің толық спектрін ұсынады. Инвестициялық банк қызметі энергетика, денсаулық сақтау, технология, бөлшек сауда, іскерлік және қаржылық қызметтердегі шағын бизнес пен жаңа өсетін компанияларға бағытталған.

Баспасөз хабарламасында Maxim Group соңғы он жылдағы 1110 транзакция нәтижесінде капитал нарығында 80,6 миллиард доллардан астам қаржы жинағаны жазылған. Соңғы үш жылда компания жалпы сомасы 39 миллиард доллардан асатын 464 транзакция жүргізген. Осы кезеңде компания BlackRock Innovation and Growth Trust (BIGZ), BlackRock Health Sciences Trust II (BMEZ), BlackRock ESG Capital Allocation Trust (ECAT), Neuberger Berman Next Generation Connectivity Fund (NBXG), Churchill Capital Corp III (CCX), Western Asset Diversified Income Fund (WDI)сынды компанияларының IPO-cын ұйымдастырған.

Freedom Holding өзінің еншілес компаниялары арқылы қаржы, бөлшек сауда, брокерлік, инвестициялық кеңес беру, бағалы қағаздармен сауда, инвестициялық банкинг және андеррайтинг қызметтерін жүзеге асырады. Ұйым KASE, AIX, UZSE, UX биржаларының кәсіби қатысушысы. Холдинг компаниялары Қазақстан, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Ұлыбритания, Греция, Испания, Франция, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Кипр және АҚШ сияқты елдерінде бар.

10 ақпанда Ресейдің Орталық банкі Тимур Турловтың Freedom Holding компаниясына ресейлік еншілес компаниялары «Фридом Финанс» («Цифра брокер») пен «Фридом Финанс» («Цифра банк»)  банкін бас директордың экс-орынбасары және ФФ инвестициялық компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Максим Повалишинге сатуын мақұлдады. АҚШ биржасы және құнды қағаздары жөніндегі Комиссия сайтында көрсетілген компанияға қатысты деректерге сәйкес, мәміле құны 140 млн$.

Сондай-ақ оқыңыз