Түркістан корпорациясына арнайы нұсқама енгізіледі

Жарияланды

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) атына монополияға қарсы органмен Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – Түркістан ӘКК) келісілмеген қызмет түрін жүзеге асыруға қатысты Түркістан облысы прокуратурасының ұсынысы келіп түсті. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Фото:shutterstock

          Түркістан ӘКК 2018 жылғы наурыздан бастап 2020 жылғы қазанға дейінгі кезеңде инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде инвесторларға несие сомасынан жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01%-дан 14%-ға дейін жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге несие бергені анықталды.

          Алайда, Түркістан облысы әкімі аппаратының «Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Түркістан ӘКК-ның Жарғысына сәйкес несие беру бойынша қызмет түрі көзделмеген.

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбенің 4-бөліміне сәйкес «несие беру» қызмет түрі көзделмеген.

          Департамент ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын басшылыққа ала отырып, Түркістан ӘКК-не қатысты «несие беру» бойынша қызмет түрін көрсетуді тоқтату арқылы «бұзушылықтар мен олардың салдарын жою туралы»,  нұсқама  шығарды.

          Алайда, Түркістан ӘКК Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (бұдан әрі – МАӘС) «бұзушылықтар мен олардың салдарларын жою туралы» нұсқаманың күшін жою және заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап арыз жолдады.

          2022 жылғы 22 қыркүйекте МАӘС Түркістан ӘКК-нің әкімшілік талап арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды, атап айтқанда, Департаменттің нұсқамасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетігін іске асыру үшін несие беру бөлігінде ғана жойылды.

          Ал, МАӘС шешімімен инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде несиені заңсыз беру фактісі анықталды.

          Бүгінгі таңда Түркістан ӘКК аталған МАӘС шешімімен келіспей, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағым жолдады.

Сондай-ақ оқыңыз