Фермерлердің 63 млн теңгеге инвестициялық субсидияларға өтініші мақұлданды

Жарияланды

Ақмола облысындағы шаруалардың инвестициялық субсидиялау бағыты бойынша 51,5 млн теңге сомасына 6 өтініші мақұлданды. Өтінімдер gosagro.kz субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеу кезектілігі тәртібімен қаралды. Бұған дейін Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жалпы сомасы 12 млн теңгеден астам алғашқы субсидиялар жіберілген болатын. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, жүйеде «күту парағы» тетігі іске қосылды, онда бюджеттің болуына қарамастан реттік нөмір беріліп, мақұлданған өтінімдер келіп түседі. Осылайша, бюджет фермер тарапынан қосымша әрекетсіз тек «күту парағында» өтінімдер бойынша, бірінші күннен келесі күнге автоматты түрде бөлінеді.  Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды

Сондай-ақ оқыңыз