Қазақстанның ЖІӨ 220 млрд долларды құрады

Жарияланды

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірілген ЖІӨ көлемі 101,5 трлн теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық Банктің орташа жылдық бағамы бойынша 220,5 млн доллларды құрады. ЖІӨ-нің бір жылдағы өсім 3,2%-ға жетті.

Фото:shutterstock

Құрылыс (9,4%), ауыл және балық шаруашылығы (9,1%), ақпарат және байланыс (8,0%), көтерме және бөлшек сауда (5,0%), көлік саласы (3,9%), өңдеу өнеркәсібі (3,4%)-ға өсті.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2022 жылы 11,2 мың USD құрады. Ал 2021 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 0,1% – ға төмендеді.

2021 жылғы ЖІӨ-дегі бақыланбайтын экономиканың «ресми» деңгейі 0,48% -ға қысқарып, 19,75%-ды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз